Сенаторлар Ресей Елшісімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады.

Ресей дипломаты 28 маусым мен 2 шілде аралығында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Әзербайжанда өтетін жыл сайынғы сессиясындағы Ресей Федерациясы делегациясының басымдыққа ие жұмыстары туралы хабардар етті.

Кездесуге қатысушылар ЕҚЫҰ ПА аясындағы екі ел делегацияларының өзара тығыз іс-қимылын атап өтті және алдағы сессиядағы үйлестіру жұмыстары туралы уағдаласты.

Жүздесуге сондай-ақ Сенат депутаты Дулат Құсдәулетов те қатысты.