Серік Ахметов Қостанайдағы Алтынсарин ауылында жүзеге асырылған инвестициялық жобаға жоғары баға берді

ҚОСТАНАЙ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат -Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Алтынсарин кентінде шаруа қожалығына барды.

Онда Премьердің назарына «Сейдахметов» ШҚ мал шаруашылығы кешен-репродукторын дамыту аясында ірі қара малдың санын арттыру бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу тәжірибесі ұсынылды.

Өткен күзде шаруа қожалығының басшысы американдық «ангус» тұқымының 196 ірі қара мал бас санын сатып алды. Ерсен Сейдахметов мәлім еткендей, малдың бұл тұқымы өңірдің климаттық жағдайына бейімделген.

200 мал санымен мал шаруашылығы кешені инвестициялық жобасына 416 млн. теңге қаражат құйылған. Шаруа қожалығы басшысының сөзіне қарағанда, бұл қаражаттың жартысынан көбі өз ақшасы есебінен. Инвестициялық жобаны іске асыруда мемлекеттің үлесі 167 млн. теңгені құрады. Кәсіпкер бұл қаражатты жеңілдікпен алды. 2013 жылы Сейдахметов мал бас санын арттырып, тағы да 400 бас ірі қара сатып алуды көздеп отыр. 2014 жылға қарай оның шаруа қожалығында малдың саны 1,5 мыңға дейін жетеді.

Премьер-Министр жобаның іске асырылуына жоғары баға берді, содан кейін ол Қостанай облысын дамыту жоспарымен таныс болды. Үкімет басшысы өңірдің ерекшелігін ескере отырып, мұнда көкөністерді өңдеу бойынша өндірісті дамытуға болады деп есептейді.

Қазіргі уақытта Премьер-Министр Қостанайда жүр, ол облыс активімен кең ауқымды жиын өткізуде.