Серік Өтешов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы әкімінің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісуі бойынша Серік Балғатайұлы Өтешов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Серік Өтешов бұған дейін облыстық қаржы басқармасын басқарып келген, деп хабарлады аймақтың баспасөз қызметінен.

Кадрлық өзгерту туралы облыс әкімі Серік Ахметов жұмыс кеңесінде мәлім етті. Әкімнің бұрынғы бірінші орынбасары Расул Оразғұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлады аймақ басшысы. Әкім Р.Оразғұловқа облыстық әкімдікте атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.