Серік Үмбетов «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының төрағасы болып жаңа мерзімге сайланды

ДЫҚОРҒАН. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалында өткен есеп беру-сайлау жиналысының барысында облыс әкімі Серік Үмбетов «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының төрағасы болып жаңа мерзімге сайланды.

«Нұр Отан» ХДП хатшысы Қайрат Сатыбалды жиналыс барысында оның кандидатурасын дауысқа салған болатын.

«Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалына қазіргі күні 81 035 адам мүше, олардың барлығы 456 бастауыш партиялық ұйымға біріккен. Былтырғы жылы облыстың қоғамдық қабылдауына 3 040 арыз келіп түскен. Айтылған мәселелер ішінде тұрғын үй алу, жер учаскелерін бөлу, коммуналдық және басқа да тақырыптағы шағымдар көп кездескен.

Жиналыста бірнеше партия мүшесі сөз алып, Серік Үмбетовтың жұмысына оң баға берді.