14:33, 28 Сәуір 2009
Серіктестік ғимараты өртке оранды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жаңақорған ауданындағы 'КазпромҚызылорда' ЖШС-ның ғимараты өртенді.
Өрт электр қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алған. Келген шығын мөлшері 65 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Сәметованың хабарлауынша, облыс көлемінде өткен аптада тағы да 9 өрт оқиғасы тіркелген. Мамандар олардың отты пайдаланудағы абайсыздықтан, электрді ережесімен пайдаланбаудан орын алғанын анықтады.