Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жармин ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
07:18, 01 Желтоқсан 2015
Сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні республиканың барлық аймақтары кең көлемді антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, тек батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.