Сейсмологтар Алматы облысында жерасты дүмпулерінің бес рет қайталанғандығын анықтады

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық сейсмологтар басты сейсмологиялық соққыдан кейін Алматы облысында жерасты дүмпулерінің бес рет қайталанғандығын анықтады.

Қазақстандық ұлттық мәліметтер орталығынан хабарланғандай, афтершоктар зілзала ошағынан батысқа қарай 4-5 балдық күшпен 10-30 мин сайын қайталанған.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 22.38-де Алматы облысында елдің оңтүстік елордасынан шығысқа қарай 230 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Қазақстандық сейсмологтардың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулердің қуаты 6,1 балды құрады. Зілзала кіндігі 10 км. тереңдікте болған.