Сейсмологтар Гаитидегі зілзала туралы ескерткен болатын

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Гаитидегі зілзала сарапшы-сейсмологтар үшін оқыс жағдай болған жоқ. Олар ұзақ жылдар бойы жойқын зілзаланың болу мүмкіндігі туралы ескертіп келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, соңғы ескерту 2008 жылы айтылды - 18-інші Кариб геологиялық конференциясында бес ғалым Эспаньола аралының оңтүстік бөлігін (Гаитидің астанасы Порт-о-Пренс қаласы орналасқан) «ірі сейсмикалық қатерлі» өңір деп атады.

Баяндама авторларының бірі -Техастағы геофизика институтының аға ғылыми қызметкері Пол Манн - сол кездің өзінде миллион халқы бар Гаити астанасының екі тектоникалық - Солтүстікамерикан және Кариб плиталарының түйісіне қатерлі жақын тұрғанын көлденең тартқан болатын.