Шағын футболдан «Қайрат» клубы мен Өзбекстан құрамасы арасында жолдастық кездесу өтті

АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда шағын футболдан «Қайрат» клубы мен Өзбекстан құрамасы арасында жолдастық кездесу өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қайрат" спорт кешенінде өткен бұл ойынға алматылық қазылар Аббасов пен   Шаяхметов төрелік етті. Қарашаның 26-сы күні өткен алғашқы кездесу 6:6  есебімен аяқталды. Онда алматылықтар сапынан  - Келсон екі рет,  Катата төрт рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Ал сенбі күні өткен екінші кездесу 6:5 есебімен аяқталды.  Бұл жолы Келсон үш рет, ал Сүлейменов,  Казаков пен Катата бір-бір доптан соқты. Қонақтардан 2 кездесудің қорытындысы бойынша  Холматов пен Ирсалиев үш-үштен, Тожибоев екі рет, ал Самегов, Юсупжанов және   Мухитдинов бір-бір доптың иесі атанды.