Шағын және орта бизнестің 145 өндірісі Ұлттық компаниялармен және ірі мекемелермен белсенді ынтамақтастық орнатуда

ПАВЛОДАР. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы Павлодар облысында шағын және орта бизнес мекемелерінің ұлттық компаниялармен және жүйеқалыптастырушы мекемелермен жасасқан келісімдердің сомасы 1,9 есеге артып, 633 млрд. теңгені

құрады. 

Бұл туралы кәсіпкерлік және өндіріс басқармасы хабарлады.  

Өткен жылы тауар өндірістік саласы мен тауар сатып алуда қазақстандық құрамды дамыту өндірістің көлемін арттыруға септігін тигізді. Атап айтқанда  «Электрожөндеу бұйымдарының зауыты» 18 пайыз, «Гидроизоляция» АҚ екі есе, «Қазэнергокабель» 40 пайыз және «Format Mach Company» ЖШС 69 пайыздық көрсеткішпен өндірісін арттырды.  

Бүгінгі күнде тауар өндірудің 145 мекемесі ұлттық компаниялармен және ірі мекемелермен белсенді ынтымақтастық орнату үстінде.