«Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жандарға жеке қайырымдылық қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жамала Мамерханованың айтуынша, аталған отбасына жарылыс кезінде өрттен жартылай аман қалған жеті пәтердің бірі беріледі.
«Бес қабатты үйдің жағдайы тәуір, орнықты және жан-жағында қосымша тұтастырғыштары бар. Тұрғын үйдегі жеті отбасы әрі қарай бұл жерде тұрудан бас тартып отыр. Бұрыннан кезекте тұрған үш баланың анасының тұрақты баспанасы жоқ. Балалар үйінің екі түлегі де бір-бір баспанадан алады. Сондай-ақ, тағы бір пәтер жарылыс салдарынан көз жұмған Виталий Андроповтың Шаханның сырт жағында тұратын кәрі ата-анасына беріледі», - дейді Жамала Мамерханова.
«Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жандарға жеке қайырымдылық қорының» директоры Ерлан Керімқұловтың мәлімдеуінше, мерт болған пеш жағушы жылу қазандығының жарылуына кінәлі емес.
«От жағушының кінәсі құқық қорғау органдары тарапынан анықталған жоқ. Бүгінгі таңда пеш жағушының әйелі мен кішкентай балалары жылу қазандығының жарылуы салдарынан зардап шеккен бес қабатты үйдің басқа да жәбірленушілерінің қатарында», - деді Ерлан Керімқұлов.
Бірінші сәуір күні Шахан кентіне таяу жазықта жарылыс жайлы атышулы іс куәгерінің өлі денесі табылды. Болжам бойынша, ол қаңтардың аязында үсіп қалған. Жарылыс болған күні от жағу ауысымы оның кезегінде болып, жылу жүйесінің үздіксіз жұмысын қадағалауға міндетті болған.