«2014 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында кездесу өтіп, онда «Шахтер» футбол клубының бас жаттықтырушысын тағайындау мәселесі сөз болды. Құрамаға Владимир Николаевич Чебурин жаттықтырушы болып белгіленді, ол «Шахтер» ФК-мен келісімшартқа қол қойды. Владимир Чебурин есімі «Шахтердің» әрбір жанкүйеріне белгілі. Себебі осы кісінің арқасында команда 2009 жылы Чемпионаттың қола медальдарына ие болды», - делінген таратылған хабарламада.
Владимир Чебурин Виктор Кумыковтың орнын ауыстырды. Ол маусым қорытындысы бойынша командадан кетті.