Қарағанды облысының есіркіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Долинка елді мекенінде бұрын есірткі қылмысы мен ұрлық фактілері бойынша сотты болған 34 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны қолға түскен. Құрықталған азаматты тінту барысында 1 келі 700 грамға жуық героин заты тәркіленді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мұндай қылмыс үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал. Тергеу амалдары жалғасуда.