ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-дағы Қазталов ауданы Қоныс елді мекеніне газ келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Газ алауын жағу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің айтуынша, Қазталов ? көгілдір отынмен біршама қамтылған аудан. Қалған төрт округке газ жеткізу үшін облыс басшылығы жұмыстанатын болады.
Нұртай Жұмашев жетекшілік жасайтын «Лайгэ» ЖШС газ тарту жұмысын өткен жылдың ортасында бастаған болатын. Қазірдің өзінде ауыл мектебі мен 18 тұрғын үйге газ кірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).