ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы ПМК қыстағында бағылатын «Айдархан» ЖШС-ының еркек тоқты отарына қасқыр тиіп, біраз шығынға ұшыратты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Далада жайылып жүрген малға шабуыл жасаған ит-құс 12 ешкі мен 24 тоқтыны жарып өлтіріп, 80-ге жуығын жаралап кеткен. Оның біразы лажсыздан сойылды. Қалғаны емделіп, күтуге алынды.
Жалпы, Батыс Қазақстанда қасқыр азаймай тұр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).