Өңірде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша биыл отарлы мал шаруашылықты құру бойынша ілкі жобаны іске асыру басталды. 50 жайылым учаскесінде жалпы көлемі 150 млн. теңге қаражатқа 7,5 мың бас қой сатып алынады, отарлы мал шаруашылығын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 150 млн. теңге бөлінеді.
Сондай-ақ облыс әкімі Ерлан Арын атап өткендей, шалғайдағы мал жайылымдығы мал шаруашылығын дамытуда маңызды, өңірде кем дегенде 300 учаскені орналастыруға болатын пайдалы жер бар.
Өңір басшысы өз сөзінде экономиканың аргарлық саласын одан әрі көтеру - мал шаруашылығын, оның ішінде өңірдегі асыл тұқымды қой шаруашылығын дамыту, мал басын арттыру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін атап өтті.