Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдеріне арнайы брифинг өткізген ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.
Учаскелік сайлау комиссиясы шамамен 9728-ді, ал аумақтық, облыстық, қалалық, аудандық сайлау комиссиясы 230-ды құрайтындығын атап өткен оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы жергілікті жерлерде сайлау комиссиялар тарапынан заңның орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырмақ. Әрбір комиссия 7 мүшеден құралады және оның құрамына әр партиядан тек 1 ғана адам мүше бола алады. ҚР Президентіне үміткер барлық кандидатқа жергілікті органдар тарапынан арнайы кабинеттер бөлінеді. Сондай-ақ бюджеттен әрбір кандидатқа БАҚ-тарда сұхбат беруі, үгіт-насихат материалдарын әзірлеуі және көлік шығындары үшін арнайы қаржы бөлінетін болады.
«Сонымен қатар кандидаттардың өзінің сайлау қорын құруға мүмкіндігі бар. Менің ойымша, оларда үгіт-насихат жүргізу үшін қаржы жеткілікті болады», - деді В.Фоос.