Шәмші Қалдаяқовтың жанұясы Ақтөбе облысындағы «вальс королінің» 85 жылдығына арналған шараға қатысты (ФОТО)

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Белгілі композитордың құрметіне арналған шараға оның жары Жәмила Төлебайқызы мен ұлдары Әбілқасым мен Мұхтар келді.

Шараны Шәмші Қалдаяқовтың ақтөбелік қоры мен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ұйымдастырды.

Қалдаяқовтар жанұясы Мұғалжар ауданы аумағындағы бұрынғы «Темір» кеңшарында болды. Мұнда Шәмші Қалдаяқов кәсіби білім алған соң зоотехник болып қызмет еткен. Осы жерден әскерге кетті.

Сонымен қатар Шәмші, Бадамша, Құмсай ауылдарында концерттер ұйымдастырылып, ас берілді.

«Әуенді жазуға дайындалатын, шабыттанатын. Оның әндері жер-жерде шырқалды. Кейбір жандар әкемді көшеде көрген сәтте құшақтап амандасатын», - деді Жәмила Қалдаяқова. Қалдаяқовтың екі ұлы да К.Байсейітова атындағы арнайы мектепті тәмамдады: Әбілқасым - пианиношы, Мұхтар - скрипкашы. Әкесінің музыкаға деген сүйіспеншілігі ұлдарына да дарыған болар.