Шаңғышы Люфт спринтте Универсиаданың алтынын жеңіп алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Универсиадада классикалық үлгідегі жекелей спринтте шаңғышылардың финалдық сайысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан атынан 3 шаңғышы сайыс жолына шықты. Олар: Олжас Климин, Александр Малышев және Иван Люфт.

Олардың негізгі қарсыластары ресейлік спортшылар: Владимир Фролов, Юрий Гаврилов және Егор Березин болды.

Сайыс қорытындысы бойынша, алтын медаль қазақстандық спортшы Люфтқа бұйырса, күмісті ресейлік Фролов, қоланы да оның отандасы Березин ұтып алды.