Саммитке қатысу үшін Шанхайға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Пәкістан, Қырғызстан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Шри-Ланка басшылары және Камбоджа премьер-министрі, сонымен бірге БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун келеді. Түркия Президенті Абдулла Гүл шахтадағы кеншілердің қаза болуына байланысты шараға қатыспайды. Түркияның өкілі ретінде елдің Сыртқы істер министрі келеді.
Саммит аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев және Иран Президенті Хасан Роухани Қытайға мемлекеттік сапар жасайды.
АӨСШК саммитінің ашылу салтанаты қарсаңында, 20 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин және оның жары Пэн Лиюаньнің атынан ресми қабылдау ұйымдастырылады. Содан кейін «Біріккен және үндескен Азия» атты концерт беріледі. Саммиттің күн тәртібінде
Самиттің саяси күн тәртібі әзірге ресми түрде жарияланбады. Азиядағы қауіпсіздік пен серіктестік мәселелері туралы сөз қозғалатыны белгілі. Алайда ҚХР СІМ жексенбі күні Шанхайдағы баспасөз конференциясында алдағы саммиттің үш мақсатын жариялады: тараптар арасындағы сенімді нығайту, пікір алмасып бір шешімге келу, Азияның өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылау.
Осыған дейін ҚХР сыртқы істер министрі Ван И хабарлағандай, Қытай Шанхайдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде Азиядағы қауіпсіздіктің жаңа тұғырнамасын құру бастамасын ұсынуды жоспарлауда.
«Азиядағы ынтымақтастық пен тұрақтылықты, аймақтағы бейбітшілікті орнату мақсатында жаңа қауіпсіздік тұғырнамасы туралы бастаманы көтеруге ниеттіміз», - деді ол.
Саммиттің ашылуында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйлейді деп күтілуде. Саммит қорытындысы бойынша Шанхай декларациясы жарияланады. Құжатта келесі онжылдықта АӨСШК дамуының даму жоспарын жариялайды.
Қытай АӨСШК 4-саммитін өткізеді және 2014-2016 жж. Кеңеске төрағалық етеді. ҚХР сыртқы саяси ведомствосының мәлімдемесінде бұл Қытайдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне зол көңіл бөлетінін көрсетеді делінген.
Күн тәртібі мен саммитте қабылданған шешімдерге қарамастан, шара масштабы, оған қатысушылардың өкілдіктерінің деңгейі, сондай-ақ Қытай төрағалығының күтілуін - сарапшылар АӨСШК құру бастамасын көтерген Қазақстанның сыртқы саясатының жетістігі деп есептейді.
Шанхай сақадай сай
Шанхай - бұл Азиядағы және әлемдегі ірі мегаполистердің бірі. Мұнда 25 млн. астам адам тұрады. Жүзден астам 5 жұлдызды қонақ үй, 2 заманауи әуежай бар.
Шанхай билік өкілдерінің қонақтарды қарсы алу, шетелдік қонақтарды орналастыру мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесінің (2001 жылғы ШЫҰ саммиті, ЭКСПО-2010) болғанына қарамастан, АӨСШК саммитін ұйымдастыру қала басшылығына оңайға соқпады.
Жуырда ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкуняның жетекшілігімен Шанхайда АӨСШК саммитінде төтенше жағдайларды шұғыл жою мақсатында құқық қорғау күштерінің оқулары өтті. Қалада қаруланған қарауыл қызметі күшейтілді. Оған бронетехника мен арнайы құрылған 15 полиция тобы тартылды. Мұндай әр топ бейнебақылау камералары бар арнайы көліктегі 10 қызметкерден тұрады. Олар оқиға орнынан онлайн режімде орталыққа ақпарат жеткізеді.
Полиция биліктерінің деректерінше, арнайы мақсаттағы SWAT 125-тен астам отряды 117 полиция учаскесіне орналастырылды.
Саммиттің Медиаорталығы
20-21 мамырда АӨСШК саммитінде жұмыс істейтін журналистерге арналған Медиаорталық ашылды. Ол Шанхайлық «ЭКСПО-2010» көрме орталығында орналасқан. Көлемі - 7 мың. шаршы метр. Бүгінде, саммит баспасөз орталығының деректерінше, шарада жұмыс істеу аккредитациясынан 1 мыңнан астам қытайлық пен шетелдік журналистер өтті. Тілшілердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды - компьютермен жабдықталған 300 жұмыс орны, сымсыз ғаламтор бар, БАҚ үшін анықтамалық ақпарат қытай, ағылшын және орыс тілдерінде берілген. Саммит өтетін күні барлық масс-медиа қызметкерлерін тегін тамақтандырады. Орталық тәулік бойы жұмыс жасамақ.
АӨСШК саммитінің ашылу салтанаты CCTV Қытай орталық телевидениесінде тікелей эфирде таратылады.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі туралы қысқаша ақпарат
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі туралы бастаманы БҰҰ трибунасынан 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын.
Бүгінде аталған форум 24 мемлекетті біріктіруде, Азия аумағының 90% жуығын құрайды. 8 ел мен 4 халықаралық ұйым, оның ішінде БҰҰ бақылаушы мәртебесіне ие.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мақсаты - 5 өлшем бойынша, яғни экономика, экология, гуманитарлық, әскери-саяси салалары, сондай-ақ жаңа қауіптермен күрес саласында сенім атмосферасын құру.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің хатшылығы Алматыда орналасқан (Қазақстан).