Кәсіпқой бокс дебютанты Котовамен айқас көпке созылмады, Шәріпова оны бірінші раундтың алғашқы минутында нокаутқа жіберді.
Осылайша, қазақстандық спортшының еншісінде: кәсіпқой рингтегі 5 кездесу, оның төртеуі - жеңіспен, біреуі жеңіліспен аяқталды.
Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой бокспен айналысып жүрген қазақстандық тұңғыш қыз.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ол WBC әлем чемпионы белбеуі үшін айқасын шілде айындаАстанада өткізуі мүмкін .