Шаруаны айналым қаржысымен қамту үшін арнайы аграрлық банк құру керек ? Мәжіліс депутатының пікірі

ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Шаруаны айналым қаржысымен қамту үшін арнайы аграрлық банк құру керек. Бұл туралы БҚО-ға жұмыс сапары кезінде Мәжіліс депутаты Иван Чиркалин мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Депутаттың пікірінше, оның құрылтайшысы ретінде «Қазагро» АҚ мен дән өндіруші компанияларды бекіткен жөн. Екінші деңгейдегі банктерге бәсекелес ретінде агробанк шаруа адамына төмен пайызбен айналым қаржысын толықтыруға несие береді. Ол несиені қайтару мерзімін бүгінгідей бір жыл деп емес, 10-12 жыл деп белгілесе, еңбеккер ағайынға да керегі осы. И.Чиркалиннің пікірінше, биыл шаруаларға арзандатылған жанар-жағармай берудің қажеттілігі шамалы. Өйткені республика көлемінде жанар-жағармай бағасы тұрақты. Оны өсіп кетеді деуге әзірге еш негіз жоқ.