Тіпті қолдарына алып суретке де түскен, деп хабарлайды 24.kz . Соған қарағанда, бұл жақында қалаға гастрольдік сапармен келіп кеткен зообаққа тиесілі болуы мүмкін деген жорамал бар. Шаштараз қызметкерлері Төтенше жағдайлар басқармасына хабарласқан. Ондағы мамандар бұл жағдайға алаңдайтын негіз жоқ деп сендірді.
«112 нөміріне қоңырау шалып, жылан ұстап алғандарын айтып, хабарласты. Шұғыл түрде оқиға орнына бардық. Өкінішке қарай, бауырымен жорғалаушының қай тұқымға жататынын анықтау мүмкін болмады. Бізде ондай мамандар жоқ. Жыланды қала сыртына шығарып, адамдардан алыс жаққа, орманға жібердік. Қала бойынша бұған ұқсас басқа оқиға тіркелген жоқ»,-дейді қалалық ТЖБ маманы Қымбат Көпбаев.