НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Шәуешек қаласындағы әр ұлттан құралған бастауыш мектептің оқушылары Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай ұйымдастырылған топтық күй басталардан бұрын балалар өз атын-жөндері және қай ұлттың өкілі екенін айтқан.
Шын Шуо, Уан Сы Цун, Тун Линлин, Ян Шини қатарлы балалар өздерінің ханзу(қытай) екенін айтаса, Мина есімді қыз дүңген ұлтының өкілімін деп таныстырады. Ал тағы бір бала өзін орыспын десе, енді бір жасөспірім өзінің қырғыз екенін айтады.
«Біз Шәуешек қаласы 5-бастауыш мектеп оқушыларымыз. Балалар мерекесі құтты болсын!», - деп бастайды күйлерін әр ұлт өкілдерінен құралған күйші жеткіншектер.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан