Шайбалы хоккей: Бүгін Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шайбалы хоккейден Жапониядағы «Нагано кубогы-2010» халықаралық турниріне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы бүгін Словениямен кездеседі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл біздің команданың осы турнирдегі үшінші ойыны. Бұған дейін жерлестеріміз екі кездесуде де жеңіске жеткен болатын. Бірінші матчта Қазақстан құрамасы Данияны - 2:1, содан кейін айдын иелері - Жапонияны 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы үшін «Нагано кубогы-2010» турниріне қатысу ағымдағы жылдың мамыр айында Германияда өтетін жоғары дивизиондағы командалар арасындағы әлем чемпионатына дайындық сатысы болып табылады. Құраманың бас бапкері Андрей Шаяновтың айтуынша, команданың басты міндеті - Нагано кубогын жеңіп алу. Ал стратегиялық мақсат - құрама ойыншыларының басын қосып, олардың әлем чемпионаты алдындағы дайындығын пысықтау.