деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша Ресей құрамасы 2008 және 2009 жылдары жеңіп алған чемпиондық атақтарын қорғай алмады. Ал, Швеция құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Олар үшінші орын үшін болған матчта жарыс қожайыны - Германияны 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Германиядағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп, бірінші дивизионға түсіп қалды. Біздің команда Ресей, Словакия және Беларус командаларымен бірге «А» тобында ойнаған болатын. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі барлық матчтарда аталмыш командалардан жеңіліп қалды. Одан кейін АҚШ, Франция және Италия құрамаларымен бірге жоғары дивизионда қалуға құқық беретін екі жолдамаға таласты. Алайда, бұл командалардың барлығынан жеңіліп қалып, біріншілік алдында жоғары дивизионда қалу жөнінде алдыға қойылған міндетті орындай алмады. Сөйтіп бірінші дивизионға түсіп қалды.