Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы әлем біріншілігі алдындағы соңғы жаттығуын өткізеді

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің мұз айдынында шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылы Германияда өтетін әлем чемпионатына аттанар алдындағы соңғы жаттығуын өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Андрей Шаянов жаттықтыратын хоккейшілеріміз жолдастық кездесу өткізу үшін сәуірдің 29-да Италияға ұшады. Содан кейін Германиядағы әлем чемпионатына аттанады.