Шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер Польша мен Германия құрамаларынан ұтылып қалды

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Польшаның Криница қаласында жастары 18-ге дейінгі ойыншылардан тұратын І дивизионның В тобындағы ерлер арасындағы біріншілік басталған болатын.

Бас жаттықтырушы Павел Макеров жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрамасы Криницада екі матч өткізді. Олар 0:2 есебімен - Польшаға, сонан кейін 1:11 болып Германияға есе жіберді, делінген Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының баспасөз мәлімдемесінде.

Сәрсенбіде, сәуірдің 14-інде жасөспірімдеріміз Англия құрамасына қарсы ойнайды.