деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шайбалы хоккей федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, команданың құрамына «Барыс» хоккей клубының 17 ойыншысы, құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 8 қазақстандық енгізілген. Сонымен қатар, құрамаға Қарағандының «Сарыарқа» және Өскеменнің «ҚазцинкТорпедо» командаларынан бір-бір ойыншыдан алынған. «Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы үшін «Нагано кубогы-2010» турниріне қатысу ағымдағы жылдың мамыр айында Германияда өтетін жоғары дивизиондағы командалар арасындағы әлем чемпионатына дайындық сатысы болып табылады. Наганода біздің команда Дания, Словения және Жапония құрамаларына қарсы ойнайды», делінген баспасөз мәліметінде. Құраманың бас бапкері Андрей Шаяновтың айтуынша, команданың басты міндеті - Нагано кубогын жеңіп алу. Ал, стратегиялық мақсат - құрама ойыншыларының басын қосып, олардың әлем чемпионаты алдындағы дайындығын пысықтау.
Айта кетейік, аталмыш турнир ақпанның 10-ы мен 13-і аралығында өтеді.