VIII Қазақстан Кубогы басталар алдында өскемендік клубтың вице-президенті Юрий Петухов турнир қызықты болатындығын атап өткен. «Кем дегенде төрт команда - «Сарыарқа», «Бейбарыс», «Ертіс» және «Қазцинк-Торпедо» командалары елдің бас хоккей кубогы үшін күш сынасатын болады», - деді ол.
Қазақстандық хоккей турнирі тамыздың 28-і күні жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.