Шекара қызметінің әскери қызметкерлері Катарда нысананы дәлдеуден өткен Азия чемпионатында үш медаль қанжығалады

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметкерлері Катарда нысананы дәлдеуден өткен Азия чемпионатында үш медаль қанжығалады,

деп хабарлады   комитеттің баспасөз қызметінен.

Катардың  елордасы -  Доха қаласында   өтіп жатқан  чемпионат  қазақстандық спортшыларға  екі алтын және  бір күміс медаль  әкелді.  Алтынды - майор  Наталья Гурова, ал  күмісті -    келісімшарттық қызметтегі  сержант  Рашид  Юнусметов  иеленді.