Аталған мерзім ішінде Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Сарыағаш» шекара отрядының әскери қызметшілері жергілікті құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзып жүрген шетел азаматтарын анықтау іс-шарасын жүргізді.
Нәтижесінде, аталған отрядтың әскери жауынгерлері елімізде құжаттары дұрыс емес, заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 428 азаматын ұстады.
Ұсталғандардың барлығы жергілікті ішкі істер органдарына тапсырылды.