08:16, 03 Сәуір 2009
Шенеуніктер үнемдеген қаражат тұрмысы төмен отбасыларға беріледі - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертіс ауданының үш жүздей тұрмысы төмен отбасы жүз-жүзден тегін балапан алады, оған қоса 166 отбасы үшін тұқымдық картоп сатып алынып, 36 жас отбасына бұзаулы сиырлар сатып алуға қайтарымсыз негізде ақша беріледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Владимир Левченконың бастамасы бойынша, дағдарыс жағдайында мемлекеттік органдардың шығыстары бес пайызға қысқартылып отыр. Ал үнемделген 3 миллион теңге мұқтаж отбасылар үшін мал, құс және тұқым сатып алуға жұмсалды.