Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Теміржол мекемесінің 27 жастағы қызметкері Өзбекстанның үш азаматын пойыз вагонында Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясының Мелуз стансасынан Өзбекстан Республикасының Ташкент стансасына дейін жеткізбек болған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 394 бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 42 азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқан, соның ішінде заңсыз көші-қон ұйымдастыру бойынша 6 факт анықталған.