Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бірлескен көшпелі отырысы барысында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі М.А.Әзілханов айтты. Ағымдағы жылы елге 41 адам қайтарылды. Сондай-ақ вице-министр 26 адамның шетелге мақсатсыз шығу жағдайы туралы айтты.
23:24, 10 Желтоқсан 2014
Шетелдердегі күдік тудыратын діни оқулардан 41 қазақстандық студент елге қайтарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Комитет облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып күдік тудыратын діни білім ордаларында оқып жатқан студенттерді кері қайтаруды қамтамасыз етуде.