22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлайды Kazinform.
Бұрын ол ұрлық, зорлық жасағаны және кісі өлтіргені үшін сотталған.
Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.