Шетпе стансасындағы ахуал тұрақты, пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шетпе стансасындағы ахуал тұрақты, пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы бүгін елордада өткізілген шұғыл брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Шетпе поселкесіндегі жағдай тұрақтанды, бұл елді мекен көшелерінде қоғамдық тәртіп, осы аттас бекет арқылы өтетін поездардың қозғалысы қалпына келтірілді.

Дейтұрғанымен, құқық қорғау органдары қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою, заңдылық пен құқық тәртібін қолдау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажетті барлық шараларды қабылдауды жалғастыруда». - деп атап өтті ресми өкіл.

Осы орайда Н.Сүйіндіков Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Маңғыстау облысы тұрғындарын заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтауға, арандатушылық мақсатта кейбір тұлғалармен таратылатын жалған ақпараттарға берілмеуге тағы да шақыратындығын баса айтты.