Оның атап өтуінше, шілде айында мемлекеттік органдарға азаматтардың 1803 өтініші жолданып, оның 1162-сі, яғни 65 пайызы қаралды. Назарға алынған өтініштердің 662-сі немесе 57 пайызы бойынша оң шешім қабылданды.
Жалпы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, азаматтардың партияға жүгінуі біршама төмендеп отыр. Нақты айтқанда, лауазымды тұлғалардың заңға қайшы іс-әрекеттеріне шағымдану 3,9 пайызға, тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемалары бойынша арыздану 2,6 пайызға кеміді. Дегенмен, тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өтініштер 2,2, ал жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты өтініштер 1,5 пайызға артты.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі шілдеде барлық деңгейдегі депутаттардың қатысуымен азаматтарды қабылдауды жалғастырды. Олар осы ай ішінде 694 қабылдау өткізіп, 2099 азаматтың өтінішіне құлақ асты. Бұдан бөлек 92 көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 579 азаматтың мұң-мұқтажы тыңдалды.