Ақылы қызмет көрсетулерге бағалардың 0,4 пайызға өскені атап өтілді. Бұл топта трамвайдағы жол жүру ақысы 25 пайызға өссе, жолаушылардың алыс қашықтыққа теміржол көлігімен жүру бағасы үш пайызға көтерілді.
Гигиена тауарлары - жуу және тазалау заттарының бағасы 2,7 пайызға өсті.
Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайызға көтерілді. Алкогольдік өнімдер 0,5 пайызға өссе, сәбіз, қызылша, орамжапырақ, картоп және пияз бағалары 5,5-6,7 пайызға ұлғайды.
Жарма бағалары орташа есеппен алғанда 8,4 пайызға төмендеді, қияр 20,1 пайызға, қызанақ - 19,7 пайызға, жұмыртқа - 5,2 пайызға, күнбағыс майы - екі пайызға арзандады.
Мұнай өнімдері бағаларының төмендеуі де атап өтіледі - дизельдік отын 5 пайызға, бензин - 2,9 пайызға арзандаған.