Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік Түркістан облысында жерді заңсыз пайдаланып, пайдалы қазба өндіргендер анықталды.