ШҚО әкімі әскери зейнеткерлердің проблемаларын шешуде көмектесуге уәде етті

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Күршім ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Күршім шекарашылар жасағының 2535 әскери бөлімшесінде болып, казармаларды, қолда бар техникалар мен қару-жарақ арсеналын қарады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күршім шекарашылар жасағы 1968 жылы құрылған болатын. Ол өзінің қалыптасуы мен дамуының даңқты жауынгерлік жолынан өтті. Ал 2007 жылы осы шекарашылар бөлімшесі екі оқу жасағы болып қайта құрылған болатын. Мақсат ? шекарашылардың кіші құрамын оқыту және даярлау. Бүгінгі күні мұнда келісімшарт бойынша қызмет ететін 235 әскери қызметші мен 1080 мерзімді қызмет жауынгерлері әскери қызметтен өтуде. Онда клуб, асхана және наубайхана бар.Шекарашылар оқу жасағы басшыларын алаңдатып отырған маңызды проблемалардың бірі ? әскери қызмет зейнеткерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. Белгілі болғанындай, әскери зейнеткерлерге 2000 жылдан бері үй берілмеген. Ауданда 12 адам пәтер алудың кезегінде тұр. Сонымен қатар жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағының жай-күйі де алаңдатады. Әкім осы проблемаларды егжей-тегжейлі қарап шығып, оларды шешуге көмек көрсетуге уәде етті.