деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Сугатовка ауылдық округінде болып, «20 жарқын іс» акциясы аясында «Заря» шаруа қожалығының қолдауымен толық жөндеуден өткен спорт кешенінде болды.
«Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аталмыш акция игі істерді жүзеге асыруға ықпал етуде. Әсіресе, ауылды көркейтуге зор септігін тигізуде. Бүгінгі спорт кешенінің ашылуы - соның жарқын айғағы»,- деді облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапары барысында Камышенка ауылдық отбасылық амбулаториясында болып, дәрігерлердің қал-жағдайын біліп, жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті.
Ауданның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қорытындылау мақсатында аудандық актив жиналысы өтті. Онда аудан әкімі Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров баяндама жасады.
Облыс әкімі сапарының соңында Шемонаиха ауданындағыЕл тәуелсізідігінің 20 жылдығына арналған монументтің ашылуына қатысты.