Даниал Ахметовке сәулетшілер ҰОС-на қатысушыларына арналған Даңқ Ескерткіші мен Комендантка өзенінің бойындағы аумақты абаттандыру бойынша әзірленген жобаларын таныстырды.
Жөндеу жұмыстары жүргізілген Ертістің жағалауында спортпен шұғылданушыларға арналған жалпы ұзындығы 2,5 шақырым құрайтын жүгіру және веложолдар, 3 балалар ойын алаңы, көше жаттығу жабдықтары пайда болды. Сонымен қатар, жағалаудағы жаяу жүргінші жолы кеңейтілген, асфальттің орнына кеспе тастар төселген, сатылар орналастырылып, жаңа шамдар мен орындықтар орнатылды.
Жағалау ашылған соң сол жерде Қала күніне арналған веложарыс өткізілді. Оған кез келген ниет білдіруші қала тұрғындары мен қонақтары қатысу мүмкіндігіне ие болды.
«Баршаларыңызды осынау айтулы күнмен құттықтаймын. Балалар да ересек адамдар да үнемі қуанып жүрсе екен деймін. Біз өз қалаларымызды мақтан тұтуымыз қажет, және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, барлық жағдайды жасауымыз керек. Өскемен және Семей қалаларының жеке табиғаты болатындай етіп абаттандыруға тиіспіз. Бірте-бірте біз барлығын жасап жатырмыз, ертеңгі күні көзімізді ашып жұмғанша, қайталанбас демалу орындарын көріп, қуанатын боламыз», - деді облыс әкімі, өскемендіктерді Қала күнімен құттықтап.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Даниал Ахметовке сәулетшілер ҰОС қатысушыларының Даңқ Ескерткіші мен Комендантка өзенінің бойындағы аумақты абаттандыру бойынша әзірленген жобаларын таныстырды.
Содан соң облыс әкімі Ұлан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесін аралап, ондағы өнімдерді, бағаларды өз көзімен көріп шықты. Фермерлер өскемендіктер үшін 4,7 тонна ет, 6 тонна бал, 20 тонна көкеніс, 800 кг сүт өнімін, 300 литр күнбағыс майын, 150 кг нан өнімдерін, 100 кг панты және 300 литр қымыз алып келді.