ШҚО әкімшілігі жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшартты бұзды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар нысандарының саны артқаны байқалады. Бұл туралы бүгін    кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Мүсәпірбеков айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгінде олардың саны 276, оның 90-ы сирекжерлік металл, 20-сы - жер асты сулары, қалғаны - кең таралған пайдалы қазбалар.

М. Мүсәпірбеков кәсіпорындардың жер қойнауын пайдалануға арналған инвестициясы жоспардан асып, өткен жылы 267 млрд теңгеден астамды құрады. Осы жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіш те инвестициялық салымның одан әрі өсе түсетіндігін көрсетеді.

68 жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудағы кен орындары қорларын кеңейте отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді.

Мақсат Мүсәпірбековтің айтуынша, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша сараптау комиссиясы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар көлемін ұлғайту және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша қолданыстағы келісімшарттар бойынша инфрақұрылымдар мәселесі қаралады. Өткен жылы аударымдар көлемі 44 млн теңгеге, осы жылғы бес айда 2 есеге ұлғайды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы жыл қорытындысы бойынша кең таралған пайдалы қазбалар  бойынша 27 жер қойнауын пайдаланушы өңірді дамытуға аударымдар, қазақстандық мамандарды оқыту   бойынша лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді бұзды.

 «Оларға келісімшарттардың әрекетін ықтимал тоқтата тұру туралы хабарлама жіберілді», - деп атап өтті басқарма басшысы және осы тізімде «ескерту жасалған» бір кәсіпорынмен («Автосервис Семей» ЖШС)   келісімшарт бұзылды.  Тағы 17 фирма бұзушылықты жойды, қалған 9-ы бойынша - келісімшартты бұзу туралы мәселе бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қаралады.