Бұл жайында бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, қарлы боран салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Өскемен-Семей» республикалық манызы бар автожолының 0-198 учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін сағат 18:00-ден бастап жол қозғалысына шектеу койылды. Мұнымен қоса, боранның салдарынан «Өскемен-Шемонайха-Ресей шекарасы" республикалық манызы бар автожолының 0-123 учаскесінде де 18:00-ден бастап барлық автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.