14:17, 30 Наурыз 2009
ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа бастығы тағайындалды
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына Дүйсембай Селихановты тағайындау туралы өкімге қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дүйсембай Селиханов Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Шипунов ауданының Вахитово кентінде 1952 жылғы қаңтардың 1-інде туған. 1975 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген. Жаңа тағайындауға дейін ол 2007 жылдан бастап ШҚО бойынша Көші-қон комитетінің департаментін басқарған.