Осылайша, облыс бюджетіне қосымша инвестиция тартылды. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Сәуле Ұлақова ШҚО ақпараттық орталықтағында өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы және құрылымдық өзгерістерді іске асыру үшін басты критерий бес бағыт болып табылады. «Үкімет еркін және шынайы бәсекелестік үшін жағдай жасайды. Монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша ұсыныстар енгізіледі, экономиканың барлық секторларында нарықтық баға белгілеуге көшу, банкроттық үдерістерді тиімді реттеу, тиімсіз компанияларды сауықтыруға көшу жалғасын табады», - деп хабарлады С. Ұлақова.
Мүлік пен ақшаны жария ету акциясы 2016 жылдың аяғына дейін жалғасатыны атап өтіледі. Комиссия жұмысы жандандырылып, жиналыстарда, жеке тәртіпте түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.