«Аймақтағы 41 білім беру мекемесі дуальді білім беру жүйесіне көшірілді. Модульді бағдарламалар негізінде облыстың 166 кәсіпорны колледждердің әлеуметтік әріптесі ретінде 36 мамандық бойынша білім беріп, 2517 студентті (жалпы контингенттің 8,2%-ы) қамтыды», - дейді әкімдік өкілдері.
Атап айтқанда, өңірде балабақшалар саны - 251, мектептер саны - 666-ға жетті. 2014 жылы 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту - 74,2 %, 3 жастан 6 жасқа дейін 98,3 %-ды құрады. Барлық 5-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі даярлықпен қамтылған.
«Биыл 4 балабақша қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 140 орынға арналған 2 балабақша Аягөз қаласында қолданысқа беріледі. 2016 жылы бір балабақша Риддер қаласында ашылады. 2015 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 1 млрд. теңге бизнес қаржысына 2142 орындық 29 жеке меншік балабақша ашылды», - делінген әкімдік мәліметінде.
Республика бойынша алғаш Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың білім беру жүйесінде ағылшын тілінде білім беруге сатылы көшуде берілген міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 2015-2018 жылдарға арналған көптілдікті дамытудың Аймақтық бағдарламасы жасалды. Аталмыш бағдарлама аясында тілдік пәндердің ұстаздарын 100% ағылшын тіліне үйретуді ұйымдастыру мақсатында Назарбаев Университетінің ұстаздары мен халықаралық мамандар шақыртылуда.
Өскемен қаласында 100 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат құрылысы басталды. Онда балаларға тұруға және толық оңалтудан өтуге жағдайлар жасалмақ. Сонымен қатар пансионатта тұратын балалар бухгалтер, программист, дизайнер мамандықтары бойынша қосымша кәсіби білім және әлеуметтік оңалту қызметтерін алу мүмкіндіктеріне ие болады.