ШҚО-да бұрынғы шенеунік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 1,5 жыл өмірін колонияда өткізеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының бұрынғы орынбасары С. Сақпановқа өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырып, мүліктерін тәркілей отырып, бір жарым жылға соттау үкімі шықты.

Өскемен қалалық соты оны лауазымдық міндеттерін теріс пайдаланғаны үшін айыпты деп таныды.

Ақпараттық материалдарды дайындау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізетін комиссия төрағасы болған кезде айыпталушы пайда табу табу мақсатында ЖК Мельников мүддесіне артықшылық беріп қызмет мүддесін ескермей, өз өкілеттігін теріс пайдаланған. Сот оның әрекетін екі бап (ҚР ҚК 361-бабы 2-бөлігі, 369-бабы 2-бөлігі) бойынша айыптады.