НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аягөз қаласында жеке үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«20 қараша күні 20:50-де Шығысы Қазақстан облысы Аягөз қаласында жеке үйде 5 литрлік газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан үйдің қабырғасы құлап, төбесі опырылып түскен», - деп хабарлайды ведомство.
Ауруханаға жарылыстан жапа шекен жеті адам жеткізілген. Оның төртеуі – бала, үшеуі - ересек адам. Екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Газ баллоны не себепті жарылғаны анықталып жатыр.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.